Сингапур мемлекеттік қызметінің моделі қандай?

Сингапур мемлекеттік қызметінің моделі қандай?

Мемлекеттік қызмет жүйесінде сингапурлық модель жиі ауызға алынады. Сингапурдың мемлекеттік қызметінің моделі қандай?
Олжас Сағадибеков,
Алматы облысы
Сингапур мемлекеттік қызметінің моделі үздік болып есептеледі. Син­гапур мемлекеттік қызметіне 10 прин­цип тән. Мемлекеттік қызмет саяси қол сұғушылықтан ада. Әр министрлікте қызмет көрсету саласын бақылайтын бөлім бар. Жалпы қызмет көрсетудің сапасын министр төрағалық ететін Саяси ревизиялық кеңес қадағалайды. Қызмет көрсетудің жақсарту бөлімі бюрократиялық былық-шылыққа қар­сы жұмыс істейді. Сингапур – министр­лер мен шенеуніктердің жалақысын есеп­теу кезінде нарықтық әдістерді пай­даланатын аз елдердің бірі. Синга­пур­дың мемлекеттік қызметінің негізгі мінездемелері мыналар: күрделі мәсе­лелерді шешу кезінде жүйелік талдау бойынша мамандар тобын қатыстыруға ұмтылыс; жаңалықтар мен өнімділікті жо­ғарылатуға ұдайы ұмтылыс; компью­терлендірудің жоғары деңгейі; ұйым жұ­мысының өнімділігін арттыру жол­да­рын ұдайы ізденісі; шығындардың талдауы мен рентабельдікті арттырумен байланысты  жаңа идеялар ұдайы іске асырылады; жас шенеуніктерді жоғары мемлекеттік лауазымдарға тағайындау.
Сингапурдың мемлекеттік қызметі қатаң тәртіптің, шенеуніктердің табан­ды­лығы мен еңбекқорлығының, сы­бай­лас жемқорлық деңгейінің төмен­дігінің, жұмысқа меритократия прин­ципі негізінде неғұрлым қабілетті үміт­керлерді алудың, жақсы дайындық­тың,саяси көшбасшылар тарапынан жоғары талаптардың болуының, ұдайы же­тістіктерге жетуге ұмтылыстың арқа­сында тиімділігін дәлелдеді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста