Келер жылдың наурыз айында автокөлік алу үшін Германияға барсам деп едім. Жолда Беларусьтегі таныстарыма соғып, Ресей арқылы Ақтауға келсем деген жоспарым бар. Ол үшін Ресейде қандай да бір салық төлеуім керек пе? Жалпы, көлікті Германиядан Белоруссия мен Ресей арқылы Қазақстанға әкелуде қандай қиындықтар туындауы мүмкін?
Мейірлан Сақтағанұлы, Ақтау қаласы
Маңғыстау облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті мамандарының айтуынша, жеңіл автокөлік құралын жеке мақсатта пайдалану үшін әкелу кезінде, автокөліктің шыққан жылы 2010 жылдың 1 шілдесіндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің №682 қаулысымен бекітілген талаптарға сай келсе, оны кедендік рәсімдеу қысқарған түрде жүзеге асырылады. Яғни жолаушының декларациясы ұсынылып, кедендік ұйымдар арқылы кіріс ордері толтырылады. Ондай болмаған жағдайда, автокөлікті кедендік тазалау жүк кедендік декларациясын рәсімдеу арқылы жүргізіледі. Ал Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасындағы кедендік тазалау мәселелері бойынша сауалыңызды сол мемлекеттердің кеден ұйымдарына жолдауыңыз қажет.
Шетелден әкелінетін көлікті кедендік рәсімдеу үшін не қажет?
Последние статьи автора