Шетелде кино түсіріп жүрген қазақ кім?

Қазақстандық режиссерлар шетелде кино түсіруде деп естіп едім. Фильм не туралы және оның авторы кім? Осы жөнінде нақты ақпар берсеңіздер.
Марат Сәрсенов,
Алматы облысы
Қазіргі уақытта жерлесіміз Американың Лос-Анджелес қаласында қазақстандық және қырғызстандық киноөндірушілердің бірлесуімен жаңа кинофильмнің түсірілімі өтуде. Мassaget.kz порталының жазуынша, жаңа фильмнің сценарийі бойынша онда ұшқыш болғысы келетін жас баланың балаң арманы көрсетіледі. Жас баланың арман­дарының орындалуына күтпеген жерден шыға келетін жағдайлар мен мақсатқа жету жолында кедергі келтіретін көптеген жағымсыз кейіпкерлер қарсы шығады.
Фильмді жас режиссер Дәурен Қам­шыбаев түсіруде. Режиссердің сөзінше, ол фильмнің басты кейіпкері саналатын бала туындыда өз мақсатына жетіп, армандарын іске асыру үшін ол жолда кездескен қарсы­лықтармен де, қиындықтармен де күреседі.
«Фильмнің қаһарманы – ішкі тылсымы терең адам. Ол – қарапайым отбасынан шыққан 25 жастағы жігіт. Өзі де қарапайым. Болашақ ұшқыштың арманын орындау жолында оның сағын сындыратын көптеген қолайсыз жайттар кезігеді. Бірақ ол мақсатына жету үшін күш жинайды. Жолда кезіккен барлық қорқыныш мен күдікті ол өз күшіне сену арқылы жеңіп шығады», – дейді Қамшыбаев. Картинаның түсірілімі Лос-Анджелес, Санта-Моника қалаларында және Лагуна Бич жағалауында өтеді.
Қазіргі таңда Голливуд актерлерімен келіссөздер жүргізілуде. Әзірге Дәулет Романұлының бір рөлге тағайындалып қойған­дығы белгілі болып отыр. Оған Голливуд гүлзарларында сиқыршылық өнерімен күнін көретін кейіпкердің рөлі бұйырған. Қазақ пен қырғыз бірлескен киноның әзірге нақты атауы белгісіз. Картина «Алғаш рет ұшу» немесе «Жерден жоғары» деп аталуы мүмкін.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста