Шет тілдер алжудан сақтайды
Адамдар қартайған шақта неге алжиды? Кей адам тіпті 90-100-ге келсе де, алжымай, ақыл-есі түзу болады. Мұның себебі не? Алжудың алдын алуға бола ма?
Ақкербез АМАНДЫҚҚЫЗЫ, Атырау қаласы
Канадалық ғалымдар екі тіл білетін адамдардардың тек өзінің ана тілін ғана білетін адамдарға қарағанда Альцгеймер ауруына кейінірек шалдығатындығын тапқан дейді PhysOrg сайты. Бұған дейін орта және егде тартқан деменцияға ұшырамаған адамдар арасында қостілді адамдар жылдамдық реакциясы мен зейін қою сынағынан басқаларға қарағанда сүрінбей өтетіндігі белгілі болған. Торонтодағы Ротман зерттеу институтының зерттеушілері билингвизмнің (қостілділік) қарттық алжудың дамуына әсерін тексерген. Медпорталдың хабарлауынша, олар 2007-2009 жылдар аралығында Альцгеймер ауруына шалдыққан 211 науқасты назарда ұстап, бақылауға алған. Талдама алу барысында көбіне интеллект бұзылуы байқалған жас мөлшері, еңбек өтілі, білім деңгейі мен тілдерді білуі назарда болды. 102 адам ғана қос тілді, қалғаны ана тілін ғана меңгерген болып шықты. Бұл құрамда жыныстық, білім деңгейі ерекшелігі байқалған жоқ.
Екі тіл білетін науқастарда орта есеппен алғанда интеллектілері төрт жылға кейін, ал Альцгеймер ауруы диагнозы «біртілді» топқа қарағанда бес жылдан соң байқалған. Зерттеу жетекшісі Фергус Кректің (Fergus Craik) айтуынша, екінші тілді білу қарттық алжасудан қорғамайды, бірақ бұл аурудың дамуына кедергі жасайтын мида «зияткелік қор» есебінде бола алады.