Соңғы кезде мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеуде сенсорлық әдісті қолдану туралы жиі айтады. Сенсорлық тәрбие дегенді қалай түсінуге болады?
Мақпал, Алматы облысы
Мамандардың айтуынша, балалардың сенсорлық дамуы – олардың айналасындағы заттарды алдымен сыртқы қасиеттеріне, яғни заттың түсіне, пішініне, көлеміне, дәміне, иісіне қарай қабылдауы. Мектеп жасына дейінгі кезең – балалардың сезу мүшелерін дамытуға ең қолайлы шақ. Үш-төрт жастағы баланы сенсорлық тәрбиелеуде оның көру, есту, дәм сезу секілді қабілеттерін күшейту үшін оның түрлі ақпарат алуына жағдай туғызу қажет. Осылайша сезім мүшелеріне әсер ету арқылы баланың миының жұмысы жақсарады. Сонымен сенсорлық тәрбие барысында сәбидің жалпы әлемді сезіне білуіне, болашақта өзін қоршаған орта туралы толыққанды ақпарат алуына оң әсерін тигізеді. Бүгінде педагогикалық тәжірибеде сенсорлық тәрбие кеңінен қолданылуда. Айталық, 2-3 жастағы бала түстерді ажырата білуі үшін оған негізгі жеті түстің біріне ғана боялған заттарды көрсету керек. Бала сенсорлық тәрбиеде біршама жетістікке жете бастаса, жаттығуларды күрделендіре түсуге болады. Жаттығулардың өте қызықты болуы шарт. Балаларды сенсорлық тәрбиелеуде ата-ананың рөлі өте маңызды.
Сенсорлық тәрбие деген не?
Последние статьи автора