Сенсорлық тәрбие деген не?

Сенсорлық тәрбие деген не?

Соңғы кезде мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеуде сенсорлық әдісті қолдану туралы жиі айтады. Сенсорлық тәрбие дегенді қалай түсінуге болады?
Мақпал, Алматы облысы
Мамандардың айтуынша, балалардың сен­сор­лық дамуы – олардың айналасындағы заттарды алдымен сыртқы қасиеттеріне, яғни заттың түсіне, пішініне, көлеміне, дәміне, иісіне қарай қабылдауы. Мектеп жасына дейінгі кезең – бала­лардың сезу мүшелерін дамытуға ең қолайлы шақ. Үш-төрт жастағы баланы сенсорлық тәр­биелеуде оның көру, есту, дәм сезу секілді қабі­леттерін күшейту үшін оның түрлі ақпарат алуына жағдай туғызу қажет. Осылайша сезім мүшелеріне әсер ету арқылы баланың миының жұмысы жақсарады. Сонымен сенсорлық тәрбие барысында сәбидің жалпы әлемді сезіне білуіне, бола­шақта өзін қоршаған орта туралы толыққанды ақпарат алуына оң әсерін тигізеді. Бүгінде педа­гогикалық тәжірибеде сенсорлық тәрбие кеңінен қолданылуда. Айталық, 2-3 жастағы бала түстерді ажырата білуі үшін оған негізгі жеті түстің біріне ғана боялған заттарды көрсету керек. Бала сен­сорлық тәрбиеде біршама жетістікке жете бастаса, жаттығуларды күрделендіре түсуге болады. Жат­тығулардың өте қызықты болуы шарт. Балаларды сенсорлық тәрбиелеуде ата-ананың рөлі өте маңызды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста