Біреудің атына сенімхат жазып бергеннен кейін ол адамның алаяқ екені немесе басқа да күмәнді істерге қатысы бары анықталса, сенімхаттың күшін қалай жоюға болады?
Нұржан РЕНАТОВ, Астана қаласы
ҚР Азаматтық кодексінің 170-бабының 2-тармағына сәйкес, сенімхатты берген адам сенімхаттың немесе сенім ауысуының күшін кез келген уақытта жоя алады, ал сенімхат берілген адам одан бас тарта алады. Мұны ескермеген не одан бас тартқан адамның ісі заңсыз болады. Сол себепті сіз алдымен құқық қорғау органдарына хабарласып, сенімхаттың күшін жоятыныңызды ескертіңіз. Аталған заңның осы бабына сәйкес, сенімхат өз мерзімі өткенде, көздеген мақсатын орындағанда, сенімхат беруші не берілген адам одан бас тартқанда, сенімхат беруші мен алушының біреуі қайтыс болғанда, әрекетке қабілетсіз деп танылғанда, хабар-ошарсыз кеткенде және басқа да жағдайларда жарамсыз болып саналады.
Сенімхаттың күшін қалай жоямын?
Последние статьи автора