Семсерлесу спортында семсердің қанша түрі бар? Және семсерлесу барысында ұпай беру қалай анықталатындығын білгім келеді.
Ақтоты Бейсеналиева, Қарағанды қаласы
Барлығын ретімен бастасақ. Семсерлесу спортында семсердің бес түрі болады. Дегенмен оның ішінде кеңінен пайдаланатыны, әрі жақсы дамығандары: рапира, шпага (сапы) және қылыш. Ал карабин және таяқпен семсерлесу қазіргі кезде аса үлкен беделге ие емес. Айта кетейік, карабинмен сайысу – семсерлесудің кеңестік кезеңнен қалған сарқыты. Енді екінші сұрағыңызға көшсек. Семсершілер өзара сайысқанда үстіне арнайы қорғаныс киімін киіп шығады. Ол киімнің басқа жейделерден ерекшелігі – онда кішкентай электр шамдары орналасады. Қарсыласының соққысы тура тигенде әлгі шамдар бірден белгі беріп, төреші ұпай санын соған қарап анықтайды. Айта кетейік, семсерлесу алаңының ені – 1,5-2 метр, ал ұзындығы – 14 метр болуы керек.
Семсердің неше түрі бар?
Последние статьи автора