Денеме артық салмақ жиналып келеді. Өзім тамақты тартынып жейтін болдым. Жолдастарым семірудің сыры тұқымқуалаушылықпен байланысты дегенді айтады. Осы рас па? Жалпы, адамның семіруінің қандай себептері бар?
Тоқтасын МҰРАТОВ, Алматы қаласы
Семіздіктің екі себебі бар. Тұқымқуалаушылық және мешкейлік. Әдетте ата-әжесі, әке-шешесі немесе нағашы жұртынан біреуі толық болса, оның ұрпағы да семіздікке бейім тұрады. Екіншісіне келсек, егер адам тамаққа деген тәбетін тежеп ұстаса, онда семіздікке бой алдырмауға әбден болады. Ал семіздіктің тек қана зиян екені мәлім. Ғалымдардың айтуынша, адамның миындағы гипоталамус деген без семіздікке тікелей қатысты екен. Әлгі без жоғарғы ми жүйесінің жұмысын бағыттап тұрады. Сонымен бірге бездің жұмысына серотонин, дофамин және «бақыт гормондары» деп аталатын эндорфин сияқты заттардың қатысы бар. Дәмді де тәтті тағам жеместен бұрын, тек оны көргенде қуанатын адамның миындағы рақаттану орталықтарының (центры удовольствия) жұмысын жоғарыда айтқан заттар қамтамасыз етіп тұрады. Әр адамда болатын осы бездің жұмысы семіздерде ерекше белсенділігімен айрықшаланатын көрінеді. Ондайда адам тойғанын білмейді, үнемі ас жегісі келіп тұрады. Адам неғұрлым арзан әрі калориясы көп нан-жарма, кондитер өнімдерін үнемі қолданса, семіре береді.
Семіздіктің басты себебі – мешкейлік
Последние статьи автора