Семіздіктің басты себебі – мешкейлік

Семіздіктің басты себебі – мешкейлік

Денеме артық салмақ жиналып келеді. Өзім тамақты тартынып жейтін болдым. Жолдастарым семірудің сыры тұқымқуалаушылықпен байланысты дегенді айтады. Осы рас па? Жалпы, адамның семіруінің қандай себептері бар?
Тоқтасын МҰРАТОВ,
Алматы қаласы
Семіздіктің екі себебі бар. Тұқымқуалаушылық және мешкейлік. Әдетте ата-әжесі, әке-шешесі немесе нағашы жұртынан біреуі толық болса, оның ұрпағы да семіздікке бейім тұрады. Екіншісіне келсек, егер адам тамаққа деген тәбетін тежеп ұстаса, онда семіздікке бой алдырмауға әб­ден болады. Ал семіздіктің тек қана зиян екені мәлім. Ғалымдардың айтуынша, адамның миын­дағы гипоталамус деген без семіздікке тікелей қатысты екен. Әлгі без жоғарғы ми жүйесінің жұмысын бағыттап тұрады. Сонымен бірге бездің жұмысына серотонин, дофамин және «бақыт гормондары» деп аталатын эндорфин сияқты заттардың қатысы бар. Дәмді де тәтті тағам жеместен бұрын, тек оны көргенде қуанатын адам­ның миындағы рақаттану орталықтарының (центры удовольствия) жұмысын жоғарыда айтқан заттар қамтамасыз етіп тұрады. Әр адамда болатын осы бездің жұмысы семіздерде ерекше белсенділігімен айрықшаланатын көрінеді. Ондайда адам тойғанын білмейді, үнемі ас жегісі келіп тұрады. Адам неғұрлым арзан әрі калориясы көп нан-жарма, кондитер өнімдерін үнемі қолданса, семіре береді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста