Шекара қызметінің қысқаша тарихы

Еліміздің шебін қорғайтын шекара қызметінің қысқаша тарихы туралы білгім келген келеді. Шекарашылар күні неге 18 тамызға белгіленді?
Динара,
Алматы облысы
18 тамыз Қазақстан шекарашыларының кәсіби мерекесі. Бұл күні Қазақстан Республикасы Прези­ден­тінің 1992 жылғы 18 тамыздағы № 862 Жар­лығымен Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара әс­кер­лері құрылды. Ұлттық шекара әскерлерін құру кеңес-қытай және кеңес-ауған учаскелерінде мем­лекеттік шекараны қорғаған КСРО Шекара әс­керлері Шығыс шекара округінің негізінде жүзеге асы­рылды. Жалпы бұл шекарашылар күні ресми түрде Қазақстанның мемлекеттік мерекелері күнтіз­бе­сінде 2012 жылғы 29 тамызда белгіленді. Рес­пуб­ликамыздың мемлекеттік институттарының қа­лып­тасуы мен дамуының кезекті сатысында, бас­қару органдары жұмысының тиімділігін жеті­л­діру мен арттыру үдерісінде Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 4 наурыздағы №3377 Жарлығымен Қазақстан Республикасының мем­лекеттік шекараны қорғау жөніндегі Мемлекеттік Комитеті таратылып, қазақстан Республикасы Қару­лы күштерінің құрамында енетін Мемлекеттік ше­ка­раны қорғау күштері болып қайта құрылды. Ше­ка­ра қызметінің әскери-қызметтік қимылдарының ауқымы мен ерекшеліктерінің өсуін есепке ала отырып, ағымдағы және алда тұрған міндеттерді Қарулы күштердің құрамында шешу мақсатқа сай емес екендігі белгілі болды. Соның негізінде Қа­зақстан Республикасы Президентінің 1999 жыл­ғы 10 желтоқсандағы №282 Жарлығымен Мем­ле­кеттік шекараны қорғау күштері Қарулы күштердің құра­мынан шығарылып, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі болып қайта құрылды. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі әскери-қызметтік жұмысын осы сапада жалғастыруда. Қазақстан Республикасының әскери және ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі шаралар жүйе­сінде Шекара қызметі Қазақстан Республикасы Ұлт­тық қауіпсіздік комитетінің мемлекеттік шека­ра­ны күзету мен қорғау бойынша міндеттерді орын­дайтын ведомство болып табылады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста