Сейсмикалық обсерватория жұмысы жайлы білгім келеді
«Алматы» орталық сейсмикалық обсерваториясының жұмысы туралы білгім келеді. Онда жер сілкінісі туралы мәліметтер қалай жиналады?
Жасұлан, Алматы қаласы
ҚР Білім және ғылым министрлігі Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы мамандарының мәліметінше, «Алматы» орталық сейсмикалық обсерваториясы жер сілкінісі туралы алынған мәліметтерді өңдеумен айналысады. Сейсмикалық стансылардан, «Вулкан» жүйесі жазбаларынан, басқа да ақпарат көздерінен алынған мәліметтер негізінде шұғыл хабар таратылады. Қуатты жерасты дүмпулері кезінде обсерватория сілкіністің параметрлерін анықтайды. Сонымен бірге орталық күн сайын Алматы қаласынан 500 шақырым радиуста тіркелген жер тербелістерінің эпицентрлері картасын құрастырып, оны Сейсмология институтына жіберіп отырады. Мұнда ақпараттар өңделіп, Сейсмикалық ақпараттың халықаралық орталығына да жолданып тұрады. Сейсмология институтының Болжау комиссиясына да қажетті мәліметтер жеткізумен айналысады. Обсерватория ресейлік, қырғызстандық мамандармен, басқа да көршілес мемлекеттердегі әріптестерімен тығыз байланыста.