Сауықтыруға арналған жәрдемақы кімдерге төленеді?

Сауықтыруға арналған жәрдемақы кімдерге төленеді?

Биыл біздің мекемеміз коммуналдық мемлекеттік мекемеден шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорны болып ауысты. Осыған дейін біз сауықтыру жәрдем­ақы­сын алып келген едік. Есепші «енді сауықтыруға арналған төлем төленбейді» дейді. Осы дұрыс па?
Мәлика,
Оңтүстік Қазақстан облысы
Еңбекті нормалау және еңбекке ақы төлеу басқарма­сы­ның сарапшы маманының мәліметінше, Қазақстан Респуб­ликасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – кодекс) 239-бабына сәйкес мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын азамат­тық қызметшiлерге лауазымдық жалақысы мөлшерiнде сауық­тыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, ұзақты­ғы күнтiзбелiк отыз күннен кем болмайтын жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы берiледi. Азаматтық қызметшiлерге сауықтыруға арналған жәрдемақы күнтiзбелiк жылда бiр рет төленедi. Бұл ретте кодекстің 1-бабында азаматтық қыз­метшi – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қазыналық кәсiпорындарда, мемлекеттiк мекемелерде ақылы штаттық лауазымда iстейтiн және олардың мiндеттерi мен функцияларын iске асыру және мемлекеттiк органдарға техникалық қызмет көрсетудi жүзе­ге асыру мен олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету мақса­тында лауазымдық өкiлеттiктердi жүзеге асыратын адам деп белгіленген. Азаматтық қызметшілер лауазымдарының тіз­бесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 қыркүйектегі №850 қаулысымен бекітілген.
Ал шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда бұл мәселе ұжымдық шарттың, еңбек шар­тының талаптарында және (немесе) жұмыс берушiнiң актiлерiнде айқындалуы мүмкін.

Автор
Последние статьи автора
Цхададзе отреагировал на выход "Кайрата" в основной этап ЛЧ
Цхададзе отреагировал на выход "Кайрата" в основной этап ЛЧ
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста