Мемлекеттік медицина мекемесінде штаттық кесте бойынша дәрігер 0,5 ставкамен қызмет атқарады. Ал тағы басқа мекемеде ол 1,0 ставкамен жұмыс істейді. Менің білгім келгені, біз еңбек демалысын берген кезде лауазымдық жалақы көлемінде сауықтыруға арналған жәрдемақыны қалай төлеуіміз керек?
Жадыра АСЫЛБЕКОВА, Жамбыл облысы
«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы №1400 Қаулысына сәйкес азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі уақыт бойынша және/немесе кесімді еңбекақы төлеу жүйесі болып табылады деп белгіленген.
Осыған орай, сіздің жағдайыңызда жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы берiлген кезде лауазымдық жалақысы мөлшерiнде сауықтыруға арналған жәрдемақы 0,5 ставка мөлшерінде төленеді.
Сонымен бірге Кодекстің 196-бабына сәйкес қызметкер өзi еңбек қатынастарында тұрған бiр жұмыс берушiмен (негiзгi жұмыс орны бойынша), сондай-ақ бiрнеше жұмыс берушiмен де қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шартын жасасуға құқылы.
Қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы негiзгi жұмысы бойынша демалыспен қатар берiледi.
Егер қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шарты бойынша жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығы басқа жұмыс бойынша демалыстың ұзақтығынан аз болса, жұмыс берушi қоса атқарушы қызметкердiң өтiнiшi бойынша демалыс ұзақтығының айырмасын құрайтын күндерге жалақысы сақталмайтын демалыс беруге құқылы.
Сауықтыру жәрдемақысын қалай төлеуіміз керек?
Последние статьи автора