Мен мемлекеттік балабақшада бас есепші болып қызмет атқарам. Менің нақты білгім келгені, сауықтыру ақысы кімге төленеді, кімге төленбейді?
Айдана Ниязова, Жамбыл облысы
Еңбекті нормалау және еңбекке ақы төлеу басқармасының сарапшы мамандарының мағлұматынша, ҚР Еңбек кодексінің 239-бабына сәйкес, мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын азаматтық қызметшiлерге лауазымдық жалақысы мөлшерiнде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы күнтiзбелiк отыз күннен кем болмайтын жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы берiледi. Азаматтық қызметшiлерге сауықтыруға арналған жәрдемақы күнтiзбелiк жылда бiр рет төленедi.
Кодекстің 1-бабында азаматтық қызметшi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қазыналық кәсiпорындарда, мемлекеттiк мекемелерде ақылы штаттық лауазымда iстейтiн және олардың мiндеттерi мен функцияларын iске асыру және мемлекеттiк органдарға техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыру мен олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету мақсатында лауазымдық өкiлеттiктердi жүзеге асыратын адам деп белгіленген.
Азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 қыркүйектегі №850-қаулысымен бекітілген.
Осыған орай, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы берiлген кезде лауазымдық жалақысы мөлшерiнде сауықтыруға арналған жәрдемақы лауазымдары тізбеге енгізілген қызметкерлерге беріледі.
Сауықтыру ақысы кімдерге төленеді?
Последние статьи автора