Мен кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінде нұсқаушы болып жұмыс істеймін, G-10 категориясы бойынша жалақы аламын. Еңбек демалысына шыққанда маған сауықтыру ақысы төленуі тиіс пе? Жалпы сауықтыру ақысы кімдерге беріледі?
Салтанат Тұрарова, Жамбыл облысы
Еңбекті нормалау және еңбекке ақы төлеу басқармасының сарапшы маманының мәліметіне қарағанда, ҚР Еңбек кодексінің 239-бабына сәйкес, мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын азаматтық қызметшiлерге лауазымдық жалақысы мөлшерiнде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы күнтiзбелiк отыз күннен кем болмайтын жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы берiледi. Азаматтық қызметшiлерге сауықтыруға арналған жәрдемақы күнтiзбелiк жылда бiр рет төленедi.
Кодекстің 1-бабында азаматтық қызметшi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қазыналық кәсiпорындарда, мемлекеттiк мекемелерде ақылы штаттық лауазымда iстейтiн және олардың мiндеттерi мен функцияларын iске асыру және мемлекеттiк органдарға техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыру мен олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету мақсатында лауазымдық өкiлеттiктердi жүзеге асыратын адам деп белгіленген.
Азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 қыркүйектегі № 850 қаулысымен бекітілген.
Осыған орай, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы берiлген кезде лауазымдық жалақысы мөлшерiнде сауықтыруға арналған жәрдемақы лауазымдары тізбеге енгізілген және ұйымның штатында тұрған қызметкерлерге беріледі.
Сауықтыру ақысы кімдерге беріледі?
Последние статьи автора