Қазақтың тойы шашусыз өтпейдi. Бiрақ кейде тәттi толы табаққа бауырсақ араластырып шашып жатады. Осы дұрыс па? Нанды аяқ асты еткенiмiз қалай?
Шынар ЕРЕЖЕПҚЫЗЫ, Аягөз қаласы
Шашу – жақсы тiлектiң айғағы түрiнде көрiнетiн сұлу да, көңiлдi дәстүр. Қазақта жаңа туылған балаға, жас келiнге, жас отауға, жаңа үйге, алғаш есiк ашқан құда-құдағиға, алыс сапардан аман-есен оралған жолаушыға, жақсы бастамаға, қуанышты тойға, мереке-мейрамға қант-кәмпит, өрiк-мейiз, құрт-iрiмшiк араластырып табаққа салып, «шашу-шашу» деп топтың ортасына шашатын болған. Қазақта шашуды өте жоғары бағалайды. Алда-жалда дастарханға дән түсiп кетсе, айран, сүт секiлдi ағарған төгiлiп қалса, оны да шашу деп жақсылыққа балап жатады. «Той болғалы тұр, қуаныш күтiп тұр» деп ырымдайды. Ертеде шашу табағына науат, құрт-iрiмшiк, өрiк-мейiз салатын болған. Сондай-ақ кейде шашу табағына әшекей моншақтар да салынады. Кейiннен шашу тәттi кәмпитпен толықты. Ал бауырсақты қазақ дастарқанға шашады, шашу табағына салмайды. Қазақта «көршiсiмен тату-тәттi отырғанын тойдағы шашуынан байқа» деген сөз бар. Сондай-ақ қазақ құдалыққа бекiскеннен кейiн «шашуыңды дайында» деп те жатады.
Шашу табағына не салынады?
Последние статьи автора