Сары безгекке қарсы вакцина жасала ма?
Алматыда сары безгек ауруына қарсы вакцина жасала ма? Африка елдеріне жиі сапар шегетін адамдар бұл ауруға қарсы міндетті түрде егілуі керек пе?
Ләйла, Алматы қаласы
Мамандардың айтуынша, Алматы қаласының медицина мекемелері сары безгек ауруына қарсы вакцина жасамайды. Сары безгек – өткір гемаррагиялық жұқпалы ауру. Ол Африка мен Оңтүстік Америка елдерінде кең тараған, адамға да, малға да бірдей жұғады. Ауруды қансорғыш буынаяқтылар, негізінен, масалар таратады. Жыл сайын сары безгекті әлемнің 200 мың тұрғыны жұқтырады, аурудан 30 мың адам қайтыс болады. Сары безгектің ғылым тіліндегі атауы – амариллез. Оны емдеуге арналған ешқандай препарат жоқ. Сол себепті одан сақтанудың бір амалы – алдын алу. Ауруға қарсы вакцинаның құны қымбат, Африка елдеріне сапар шегетін Қазақстан азаматтары Мәскеу қаласынан екпе жасатуына болады.