Балам үшінші сыныпта оқиды. Жазу дәптерін тексергенде мұғалімнің қолымен жазылған түсініксіз таңбаларды көреміз. Бұлардың мәнін балам да білмейді екен. Ол қандай белгілер?
Гүлдана ЕРМЕКҚЫЗЫ, Талдықорған қаласы
Сізге түсініксіз көрінген шартты белгілер мыналар:
/ – емле қатесі белгіленеді.
V – тыныс белгісінен кеткен қате.
Z – абзац керек деген белгі.
? – дүдәмал, екіұшты, осы сөйлемді ойлан деген белгі.
?! – пікірді немесе фактіні бұрмалаудан кеткен кемшілік.
! – осы жерге ерекше көңіл аудар.
~~ – ауыстыруды керек ететін, бірнеше қайталанған сөздер мен сөйлемдер.
--- – стильдік жағынан дұрыс құрылмаған, жөндеп жаз деген белгі.
... – сөз қалдырып кетсе, түсініксіз сөйлемдерді белгілейді.
Алайда көптеген оқушылар осы шартты белгілерді біле бермейді. Ол үшін мұғалім осы белгілерді оқушыларға таныстырып отыруы керек. Бұл шартты белгілер өте қолайлы әрі мұғалімнің уақытын үнемдейді. Шығармадағы кемшіліктерді жазып көрсеткеннен шартты белгіні қоя салу әлдеқайда жеңіл.