Дінімізде шаш жалғатуға, парикке қатысты не айтылған? Оған рұқсат етіле ме? Сондай-ақ бояну мен иіссу жағу ше?
Мәдина, Астана
Негізі, шариғат бойынша, әйелдердың шашына шаш қосуына, сондай-ақ жасанды шаш киюіне тыйым салынған. Тіпті қатерлі науқас салдарынан шашы түсіп қалғанның өзінде жасанды шашпен жүруге де жеңілдік жоқ. Сол себепті шашты жалғаған да, жалғауды талап еткен де бірдей жауапты саналады екен.
Ал шаш бояуға келсек, Әбу Зәрр келтіретін хадисте «Ақ шашты қына немесе қатамен бояған дұрыс. Ал қарамен ақ шашты боямайды» делінген.
Әйел затының әдеміленіп, боянуына қатысты хадис-шәріпте: «Әйел иіссу жағумен маңындағыларды ризалыққа бөлесе, иіссу әйел үшін – ғанибет, сол сияқты көзіне жаққан сүрмесі де – әсемдік» делінген.
Шариғат шаш жалғауға қалай қарайды?
Последние статьи автора