Сақтандыру полисі болуы міндетті ме?
Егер көлік иесі қасында отырып, көлік басқаруды өзге азаматқа тапсырған жағдайда, сол азаматқа көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы сақтандыру полисі жазылуы шарт па?
Данияр РАХЫМБЕКОВ, Алматы облысы
«Көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 1 шiлдедегi N 446-заңының 7-бабына сәйкес (Көлiк құралын көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартынсыз пайдалануға жол бермеу):
1. Иесiнде көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты болмаған жағдайда, көлiк құралын пайдалануға жол берiлмейдi.
2. Көлiк құралын жүргiзетiн адам көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың сақтандыру полисiн өзiмен бiрге алып жүруге және Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес, уәкiлеттiгi бар жол полициясының қызметкерлерiне және көлiктi бақылау органдарының лауазымды тұлғаларына тексеру үшiн оны көрсетуге мiндеттi.
Iшкi iстер органдарының жол полициясы бөлiмшелерi және көлiктi бақылау органдары құжаттарды тексерген кезде көлiк құралын жүргiзушi адамнан көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың сақтандыру полисiн көрсетуiн талап етуге құқылы.