Сақина тастары өзіндік мән-мағынаға ие деседі. Көзі бар сақиналарды саусаққа тағудың да сыры бар деп естідім. Осы жайлы толығырақ білгім келеді.
Күміс НҰРМАҒАМБЕТОВА, Семей
Шынашақ: кім-кіммен де үйлесімді қарым-қатынас құрып, ұтымды сөздің шебер иесі болғыңыз келсе, шынашағыңыз сары (сердолик, цитрин, гауһар, топаз) және жасыл (изумруд, хризопраз, хризолит) түсті тасы бар сақинадан құр болмасын.
Аты жоқ саусақ: аты жоқ саусақты жүрекпен тығыз байланыстырып, мұнда тек неке сақинасын тағады. Махаббатта жолы болмай жүргендер аталмыш саусаққа қызыл түсті (лағыл, гранат, қызыл яшма) тасы бар сақина тағуы керек. Егер інжу тасы бар күміс сақинаны аты жоқ саусаққа таққан болсаңыз, қосағыңызбен арадағы махаббат мәңгілік болмақ.
Ортаншы саусақ: бұл саусаққа, негізінен, күлгін түсті немесе қара тасы бар сақина жарасады. Іскерлік кездесуге барарда аметист, сұқ көзділердің қаһарына ілікпес үшін обсидан тасы бар күміс сақиналармен алмастыруға болады. Күштілігіңізді мойындатқыңыз келсе, өзіңіздің ай тасыңыз саусағыңызда жарқырасын.
Бас бармақ: бас құрылысымен, мойын, жұлынмен байланысын ескере отырып, күмістен құйылған өрнекті немесе алмаспен әсемделген ақ алтын сақинаны бас бармаққа тағады.
Сақина – саусақтың көркі
Последние статьи автора