Әйелдердің басым көпшілігі сақалды ер азаматтарды сақалсыздарға қарағанда табысты, қалталы деп есептейді. Соған сәйкес біз сіздерге сақал туралы бірнешеқызықты деректі ұсынбақпыз.
Сақал ағзаның тітіркенуінен (аллергия) қорғайды. Сақалы қалың жігіт шаң-тозаңнан, қоқымнан қорғанады. Ол, әсіресе, көктем, жаз мезгілдерінде таза ауамен серуендегенді ұнататын адамдарға өте пайдалы.
Погонофобия — сақалдан қорқатын адамдар. Бәлкім бұл сөзімізге сенбей отырған шығарсыздар. Бірақ, шын мәнінде де сақалдан қорқатын адамдар бар. Олар сақалды адамдарды көргенде сасқалақтап, үрейленіп, жүрек соғыстары жиілейді екен.
Сақал ер адамдардың әлеуметтік мәртебесін өсіреді. 2012 жылы өткен зерттеу жұмыстарына сүйенсек, әйелдердің басым көпшілігі сақалды ер азаматтарды сақалсыздарға қарағанда табысты, қалталы деп есептейді. Оған қоса сақал ер адамды есейтіп көрсететіні белгілі. Ал қыздар өздерінен үлкен жігіттерді жақсы көреді.
Патшалар өздерінің сақалдарын құжаттарға қол қоюға пайдаланған. Ерте кезде патшалар өздерінің қандай күшті, қуатты екенін көрсету үшін сақалынан үш тал қыл жұлып, қаулыға мөр ретінде басатын болған. Мұндай жарлыққа қалың жұрт ерекше назар аударғанын айтады.
Ертеде сақал өсіргендер салық төлеген. XVII ғасырда Ресейде сақал өсіргісі келген адам жылына 100 рубль төлеген. Сондықтан сақалды көбіне ықпалды, беделді адамдар қойған.
Әлемдегі ең бай ер адамдардың сақалы жоқ. Форбс тізіміндегі 89% ер адамдар сақалсыз. Себебі сақалдан қазіргі қоғамда көбісі шошиды. Ал олар бизнес әлемінде ешкімді де үрейлендіргісі келмейді екен.
Авраам Линкольн кішкентай қыздың сұрауы бойынша сақал өсірген. 11 жастағы Грейс Бедель есімді қыз президентке сақал өсіруге кеңес береді. Оның ойынша, Авраамның арық бетіне сақал жақсы жарасады екен. Кішкентай қыздың кеңесіне құлақ асқан Линкольн сақалын өсіріп, ақырында тарихтағы ең әдемі сақалды президент атанады.