Сақ патшаларының киім үлгісінің символикалық мағынасы бар
Сақ дәуіріндегі билік туралы түсініктер қандай болған? Сақ патшаларының киім үлгісінің мифологиялық мағынасы қандай?
Рима, Алматы облысы
Б.Өтемісов, Қ.Қарабаланың кітабында жазылғандай, сақ патшаларының киім үлгісі олардың билік жөніндегі дүниетанымынан хабар береді. Сақ патшаларының дулығасының қола мен алтыннан жасалуының символикалық мағынасы бар. Баскиімнің алдыңғы жағындағы күн белгісі – күллі космостың тұтас бейнесі, төрт қанатты пырақ пен төрт алтын жебе – бұл күн өз жолымен жүргенде айналып өтетін барша үш дүние мен жалғанның төрт бұрышын түгел билейтін өктемдіктің өзгеше бір белгісі. Баскиімнің алдыңғы жағын сақтар жалғанның шығыс жағы, артқы жағын батыс жағы деп есептеген.
Осындай тәжді кигізу көсемге күллі космосты билеуді тапсырды деген түсінік білдірген. Көсем – дүниенің кіндігі, оның орталығының бейнесіндей болған.