Санитарка азаматтық қызметкер болып санала ма?

Мен Созақ ауданының орталық ауруханасында санитарка болып жұмыс істеймін. Дизраствормен жұмыс істегендерге қосымша ақы төленуі тиіс деп естіп, басшылыққа айтсам «сіздер азаматтық қызметкерге жатпайсыздар, сондықтан қосымша ақы төленбейді» дейді. Осы дұрыс па?
Ақмарал ӘДІЛХАНОВА,
Оңтүстік Қазақстан облысы
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған елді мекенінің тұрғыны Ақмарал Әділханованың сұ­ра­ғына қатысты мынаны хабарлайды:
Қазіргі уақытта Созақ аудандық орталық ауруханасының ұйымдық құ­қық­тық нысаны коммуналдық қазы­на­лық кәсіпорын болып табылады. Қазақстан Республикасы Еңбек ко­дек­сі­нің 1-бабының 2-тармақшасына сәй­кес, Қазақcтан Республикасының заң­намаларында белгіленген тәртіп­пен қазыналық кәсіпорындарда, мем­ле­кеттік мекемелерде, ақылы штаттық лауазымда жұмыс істейтін тұлға аза­маттық тұл­ға болып саналады.
«Азаматтық қызметкерлерге, мем­лекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қыз­мет­кер­леріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Респуб­ли­касы Үкіметінің 2007 жылғы 29 жел­тоқсандағы № 1400 қаулысының 19 қосымшасының 7-тармағына сәйкес, дизинфекциялық құралдарды пай­да­ла­натын өндірістік және қызметтік үй-жайларды жинаған кезде төленетін қосымша ақылар, үстемақылардың мөлшері базалық лауазымдық жа­ла­қы­ның 20 %-ын және дизин­фек­ция­лық құралдарды пайдалана отырып, дәріханаларды жинаған кезде 30 %-ын құрайды.
Вице-министр, Б.ТӨКЕЖАНОВ

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста