Әлем халықтарының ішінде көне салт-дәстүрлерін берік ұстанатын жапондардың қандай ерекшеліктері бар?
Ғалым Шаймерден, Алматы облысы
Жапондардың тұрмыс-тіршілігінде өзге ел-жұрттың мәдениетіне мүлде ұқсамайтын өзіндік салт-дәстүрлер молынан сақталған. Бүгінде әлемді технологиялық жетістіктерімен таңғалдырып келе жатқан жапондар өте үнемшіл келеді. Жапон үйлерінде жиһаз аз болады, едендеріне көбіне күріш сабанынан тоқылған төсеніш – татами төселеді. Жапондықтар аяқкиімдерін босағаға тастап, үйде шұлықпен немесе жалаңаяқ жүреді. Тамақтанатын әрі ұйықтайтын жері де еден болған соң, олар оны әрқашан таза ұстайды. Жапон өнері, әсіресе кескіндеме өнері мен қуыршақ театры өзіндік ерекшеліктерге бай. Бұл халық гүл шоғын сәндеп, көркемдеуді өзіндік мәдениетке айналдырған. Олардың ұлттық әдебиеті де тосын иірімдерге бай. Олардың дзю-до, каратэ, сумо күресі секілді ұлттық спорт түрлері бүгінде бүкіл дүниежүзіне белгілі. Сонымен қатар жапондардың ішінде ежелгі самурай дәстүрін әлі күнге дейін ұстанатындары бар.
Самурайлар елінің қандай ерекшеліктері бар?
Последние статьи автора