Шәкәрімді құрқұдыққа тастағанын көрген кім?

Шәкәрімді құрқұдыққа тастағанын көрген кім?

Нәубет жылдары «Халық жауы» атанып атылған Шәкәрім атамыздың денесі тасталған құрқұдықты алғаш тауып, көрсеткен адам кім екенін білгім келеді?
Азамат АМАНҰЛЫ,
Астана
Бұл туралы құрқұдық басына ескерт­кіш орнатқандардың бірі ақын Төлеген Жанғалиевтан сұраған едік: «1987-88 жылдары Шәкәрім қайта тірілді ғой. 90-жылдары мен Абай ауданы әкімі­нің орын­басарымын. Аудан әкімі Орал Арғынбеков мені шақыртып алып: «КСЖБ-да Семейде құрылыс тастарын өңдей­тін комбинат бар. Ақшасын Бірлік совхозының дирек­торы Сайлау Кошкин төлейді. Құрқұдықты тауып, Шәкәрімнің басына белгі қояйық», – деп тапсырма берді. Оған дейін құрқұ­дық­тың аты да, заты да белгісіз болып келді. Бақанастың бойында он шақты құрқұдық бар. Нақты қай құрқұдықта еке­нін дәл табуымыз керек. Абай ауылының көзкөрген қарт­тары, арнайы құрылған комиссия бар, Ахат ақсақалдың көзін көр­гендер, әркім әрқилы айтты. Шәкәрім­ді құрқұдыққа тастағанын көрген жалғыз адам – Кәрім­құлдың Қабышы. Қаптаған солдаттар «Халық жауын» көметіндерің бар ма?» – деп айқайлапты. Ешкім шығып көмбей­тінін білген Кәрімқұл ақсақал 12-13 жастағы баласы Қабыш­ты «сен кішкентай баласың ғой, аналар не істейді екен, байқап кел» деп жіберіп­ті. Бірақ көрген-бігенін ешкімге тіс жар­мауын сұрайды. 1959 жылы әкесі ақтал­ғанда, Ахат елге келіп, әкесінің жатқан жерін іздеп, таба алмайды. Ел-жұрт Қабыш­­қа жіберген екен. Жалынып-жал­пайып сұра­ған соң, көрсеткен екен. Кәрімқұл да, Қабыш та, Ахат та жоқ, енді нақ құрқұдық­ты қайдан табамыз? Ақырында Қабыш ақсақалдың «менің әкемнің аяқ тұсында­ғы құдық» деген сөзіне сүйендік».

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста