Шайтанға тас лақтырудың тәртібі қандай?

Қажылық кезінде «шайтанға тас лақтыру» шарты бар. Кейбіреулер шайтанға тас лақтырғанда, шайтанға лағынет айтып, айғайлап жатады. Баз біреулер мұны дұрыс емес дейді. Тас не үшін лақтырылады және оның тәртібі қандай?
Оралхан Әбдіжалелов,
Қостанай облысы
Бірқатар мұсылмандар тасты шайтанға лақтырып жатырмыз деп ойлайды, сондық­тан шайтанға қарғыс айтып, тасты ашу-ызамен лақтырады. Ол дұрыс емес. Ал шын мәнінде, тас лақтыру Алланы зікір ету үшін атқарылады. Ал кейбіреулер үлкен тас, ағаш­тың бұтақтарын лақтырады. Бұл – асы­ра сіл­теу. Пайғамбарымыз мұндай асыра сілтеуге тыйым салған. Дұрысы кіші­гірім тас лақтыру болып табылады. Лақты­ратын тас көлемі тыр­нақ­тай болса, жеткілікті. Тасты уыстап емес, бір-бірден, тәкбір айтып лақтыру керек. Ден­сау­лығы болмай, тас лақтыруға шамасы кел­мей қалмаса, басқа біреуден тас лақтыруды өтіну дұрыс емес.
Кейбіреулер Ан-Наһр күнінде жамырат­қа тас атпай-ақ, Минадан қайтып келіп қоштасу тәуәбін атқарады, сосын қайтадан Минаға оралып, тас атады да, қажылықты сол жерде аяқтайды. Бұлай ету дұрыс емес. Өйткені Пайғамбарымыз былай деген: «Өз қажылы­ғың­ды Әл-Бәйтте аяқтамай, ешкім де үйіне қайтпасын».
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста