Шайтанға тас лақтырудың тәртібі қандай?
Қажылық кезінде «шайтанға тас лақтыру» шарты бар. Кейбіреулер шайтанға тас лақтырғанда, шайтанға лағынет айтып, айғайлап жатады. Баз біреулер мұны дұрыс емес дейді. Тас не үшін лақтырылады және оның тәртібі қандай?
Оралхан Әбдіжалелов, Қостанай облысы
Бірқатар мұсылмандар тасты шайтанға лақтырып жатырмыз деп ойлайды, сондықтан шайтанға қарғыс айтып, тасты ашу-ызамен лақтырады. Ол дұрыс емес. Ал шын мәнінде, тас лақтыру Алланы зікір ету үшін атқарылады. Ал кейбіреулер үлкен тас, ағаштың бұтақтарын лақтырады. Бұл – асыра сілтеу. Пайғамбарымыз мұндай асыра сілтеуге тыйым салған. Дұрысы кішігірім тас лақтыру болып табылады. Лақтыратын тас көлемі тырнақтай болса, жеткілікті. Тасты уыстап емес, бір-бірден, тәкбір айтып лақтыру керек. Денсаулығы болмай, тас лақтыруға шамасы келмей қалмаса, басқа біреуден тас лақтыруды өтіну дұрыс емес.
Кейбіреулер Ан-Наһр күнінде жамыратқа тас атпай-ақ, Минадан қайтып келіп қоштасу тәуәбін атқарады, сосын қайтадан Минаға оралып, тас атады да, қажылықты сол жерде аяқтайды. Бұлай ету дұрыс емес. Өйткені Пайғамбарымыз былай деген: «Өз қажылығыңды Әл-Бәйтте аяқтамай, ешкім де үйіне қайтпасын».