Шәйнектің қағын қалай кетіруге болады?
Әйелдер үшін ыдыс-аяқты таза ұстағанға не жетсін. Менің сұрағым келгені, ішіне қақ тұрып қалған шәйнектерді қолдан қалай тазартуға болады? Себебі қазір базарда сатылып жатқан препараттар қақты кетіруге қауқарсыз болып тұр.
Айнұр Бектасова, Алматы қаласы
Шәйнектегі қақты кетіру үшін тұз, сірке қышқылдарының кез келген, яғни қолда бар концентрациясын пайдалануға болады. Ол үшін шәйнекке су құйып, қайнаған кезде оған шамамен әрбір литр суға 2-2,5 қасықтай ас содасын салып, 20-25 минуттай қайнатады. Сонан соң ол суды құрамына жарты стақан (100 мл) сірке қышқылы қосылған сумен ауыстырып, оны да 20-25 минуттай қайнатады. Осы кезде шәйнектегі қақ кейде толық кетеді, кейде босап, көтеріледі. Оны оп-оңай қырып тастауға болады. Немесе салқын суда, алдын ала әзірлеген 4-6 пай- ызды тұз қышқылының ерітіндісін шәйнекке құйып, 20-25 минуттай қайнатады. Мұнда да егер толық кетпесе қырнап тазалауға болады. Ал кейде екі, үш рет қайталайды, әрине, бұл тұрған қақтың қалыңдығына байланысты. Соңынан жылы сумен шәйнекті бірнеше рет шайып тастауды ұмытпау керек.