Сайлауда 100 пайыз дауыс жинаған президент кім?
Осы әлем елдерінде президенттік сайлауларда 100 пайыз дауыс жинаған президенттер бар ма? Болса, олар кімдер?
Болат АҚАНТАЕВ, Алматы облысы
Сайлаушылардан 100 пайыз дауыс жинаған президент бар, ол – Африка құрлығындағы Джибути мемлекетінің екінші президенті Исмаил Омар Гелле. 60-шы жылдары оның отбасы Эфиопиядан Джибутиге қоныс аударады. Полиция қатарында қызмет еткен Исмаил Омар 1977 жылы Джибути тәуелсіздік алған кезде құпия қызметтің басшысы болып тағайындалады. 1999 жылы сайлауда 73 пайыз дауысқа ие болып, президент атанады. 2005 жылы өзге үміткерлердің қатыспауы себепті 100 дауыс жинап, екінші мәрте президенттікке сайланады.
Жақында Slate.fr басылымы көпшілік дауыс жинап, қайта сайланған президенттердің тізімін жариялады. Атап айтсақ: 1) Исмаил Омар Гуелех (Джибути) 100%. 2) Башар әл-Ассад (Сирия) 97,6%. 3) Теодоро Обианг Нгуе Мбасого (Экваторлық Гвинея) 95,4%. 4) Пол Кагаме (Руанда) 93%. 5) Пьер Нкуринзиза (Бурунди) 91,6%. 6) Нұрсұлтан Назарбаев (Қазақстан) 91,1%. 7) Абдельазиз Бутефлика (Алжир) 90,2%. 8) Құрбанқұлы Бердімұхамедов (Түрікменстан) 89,2%. 9) Ильхам Әлиев (Әзірбайжан) 88,7%. 10) Хосни Мүбарак (Мысыр) 88,6%.