Саяси режимнің үш түрі бар
Сіздердің өткен сандарыңыздың бірінен монархиялы және республикалық, яғни мемлекетті басқарудың түрлерімен танысқан едім. Енді саяси режимдер туралы мәлімет берсеңіздер.
Қайрат БАЙБОЛОВ, Алматы
Саяси режимдердің кең таралған үш түрі бар: демократия, авторитаризм және тоталитаризм. Бұлардың ішінде әлемдегі мемлекеттер арасында демократиялық режим кең тараған. Биліктің қайнар көзі халық болып табылатын бұл саяси режимнің өзінің бірнеше түрі бар. Олар тиісінше либералды демократия, өкілді және тікелей демократия болып үшке бөлінеді. Бұл режим батыс елдеріне тән. Авторитаризм сөзінің этимологиясы билік, ықпал ету сөздерінің мағынасын береді. Кейде бұл режимді шектеулі демократия деп те атайды. Қоғамда еркіндік болғанмен, белгілі бір мөлшерде цензура, шектеулер орын алып отырады. Авторитарлы режим посткеңестік кеңістіктегі мемлекеттер арасында жиі кездеседі Ал тоталитарлы режимде мемлекет адам мен қоғам өміріндегі барлық салаға араласады. Яғни сөз бостандығы, еркіндік деген құндылықтарды күшпен басып, қатаң қадағалап отырады. Тоталитарлы режим КСРО-да Сталиннің кезінде ашық қолданылған.