Естуімше, мемлекеттер арасында саяси консультация өткізіліп тұрады. Бұл қандай консультация?
Ерлан ҚҰТТЫМҰРАТОВ, Семей
Саяси консультация көп жағдайда саяси, экономикалық, мәдени байланыстары төмен деңгейдегі елдер арасында өткізіліп тұрады. Бұл, негізінен, дипломатиялық корпустың атқаратын жұмысы. Кездесу барысында, жалпы, екі ел арасындағы байланыстарды кеңейту мәселелері талқыланады. Осы жақында ғана аталған шара Әзірбайжан Республикасы мен Австрия арасында өткізіліп, саяси консультация Баку қаласында ұйымдастырылды. Ал дәл осы күндері Оңтүстік Африка Республикасының әкімшілік орталығы Претория қаласында ОАР мен Қазақстан арасында саяси консультациялар өткізілуде. Сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Сарыбай бастап барған отандық делегация мүшелері ОАР үкіметінің жоғары лауазымды тұлғаларымен кездесулер өткізіп, екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы ынтымақтастық мәселелерін ортаға салды.
Саяси консультация дегеніміз не?
Последние статьи автора