Жалпы, саяси әдебиеттерде «саяси автаркия» термині қолданылады. Бұл терминнің мәні не?
Жазира, Алматы облысы
Саяси автаркия – мемлекеттік және саяси-мемлекеттік емес субъектілермен тұйықталған саяси жүйені құру мақсатында саяси институттарды оқшаулауға бағытталған шаралар мен құралдар жиынтығы; елдің экономикасын басқа елдердің экономикасынан оқшауландыруға бағытталған ұлттық мақсат.
Осыған орай, ол шетелдердің тауарларын, капиталын және т.б. өз еліне енгізуге шек қоюы мүмкін. Бұл тәсіл өз елінің өндірісін дамытуға немесе басқа саяси мақсатта да жасалады. Бірақ мемлекеттің басқа мемлекеттермен қарым-қатынасында оқшаулану тұйықталу саясатына алып келуі де мүмкін.
Ішкі саяси автаркия орталық пен аймақ арасындағы қарама-қайшылықтан көрініс табады.
Саяси автаркияның мәні – оқшаулану
Последние статьи автора