Сағыз: «пайдалы» ма, зиян ба?

Сағыз: «пайдалы» ма, зиян ба?

 Қазіргі таңда «Орбит», «Дирол» – ды шайнап жүру – мәдениеттіліктің бір белгісіне, сәнге айналғандай. Ал сол сағыздардың пайдасы бар ма? Зияны қандай? Мұны көпшілігіміз біле бермейтініміз анық.

Ең алдымен оның құрамына зер салсақ. Аспартам – бас ауруын, бас айналу мен жүрек айнуды тудыратын тәттілеуіш. Сағызды шайнағанда еритін ол ағзаға түскен соң формальдегидке, содан соң метаболикалық ацидоз тудыратын құмырсқа қышқылына (орманды жердің ірі құмырсқаларынан алынатын қышқыл) айналады. Ацесульфам-К – ағзада түрлі ісіктердің пайда болуына себепші. Қант – сағыздың құрамында қант болмайды деу – қате. Кез келген сағыз қантсыз жасалмайды. Ал қанттың зияны белгілі. Сондай-ақ, ағзамызға зиянды сорбит, ксилит, дәмдеуіштер, бояғыштар мен химикаттар өте көп.
Сағызды ұзақ уақыт бойы әсіресе, ашқарынға шайнау – гастрит пен асқазанның ойық жарасына, басқа да асқазан-ішек ауруларын тудырады.
«Тістерді қатайтып, ауыз қуысын тазартады, балғын леп береді» – деген жазулар мен жарнамалар – аңыз ғана. Ол «кереметтердің» барлығы уақытша 2-3 минут қана, сағыз керісінше, тістердің құрттауына, каристердің пайда болуына, сілекейдің шектен тыс көп бөлінуінен асқазан жұмысының нашарлауына алып келеді.
Енді сағызды шайнап, аузынан «шарлар шығарып», тарс-тарс еткізіп кетіп бара жатқан қызды немесе жігітті елестетіп көріңіз. Сіздің ойыңызша, бұл әдемі көрініс пе? Осы ісі өзіне жарасып тұрғандай көрінетін «сағыз шайнаушыға» айналасындағылар қалай қарайды? Әрине, бұл – мәдениетсіздікке, әдепсіздікке жатады, жиіркенішті көрінетін ерсі қылық. Кейбіреулер «шайнап болып» сағызды кез келген жерге жабыстырып кетеді (ал оны тазалайтын адам жайлы ойлана ма?)
Осылайша, сағызға құмар адам ең алдымен өзіне, денсаулығына, қоршаған ортасына да зиян келтіреді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста