Сағат тықылы естіліп, бадам иісі шықса, сақ болыңыз!

Былтыр мен жұмыс істейтін мектептің спорт залынан сағаттың тықылы тәрізді дыбыс естіп, дереу құтқару қызметіне хабарластым. Мамандар келіп, ұжымды түгел сыртқа шығарды. Спорт залын, басқа да бөлмелерді қарап, жарылғыш зат таппады. Тықылдаған нәрсе терезе торына қыстырылып қалған ағаш бұтағы болып шықты. Осыдан кейін мен директордан жұрт алдында сөгіс естідім, ал әріптестерім мен оқушылар мазақ қылатын болды. Келесіде ұятқа қалмау үшін мұндай жағдайда қалай әрекет еткенім жөн?
Күлғайша ҚАЛНИЯЗОВА,
Алматы облысы

Құтқарушылардың кеңесі бойынша, ғимаратта жарылғыш зат қойылғанын білдіретін белгілер байқалған кезде адам, ең алдымен, еш нәрсені қозғамай, тыныштық сақтауы қажет. Ұялы телефонмен сөйлеспеген жөн, өйткені байланыс жарылғышқа әсер етуі мүмкін. Жарылғыш заттың нышандары байқалған уақытты есте сақтаған дұрыс. Ақырындап 100 метр қашықтыққа жылыстау қажет. Жарылғыш қойылған жерден алысқа ұзағаннан кейін барып, құтқарушылар мен құқық қорғау органдарына хабар берген абзал. Күдік келтіретін жайттар мыналар:
– әлдекім қалдырып кеткен сөмке немесе оқшау жатқан қорап-қаптар;
– есіктен, басқа да қуыстардан шығып тұрған жіптер немесе жапсырғыш таспалар;
– сағат тілінің дыбысы іспетті тырсыл;
– бадам жемісінің иісі, басқа да ерекше иістер.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста