Жемістердің ішінен шабдалыны өте жақсы көремін, бірақ оның адам ағзасына қаншалықты пайдалы екенін білмеймін. Шабдалының құрамында дәрумендер бар ма?
Медине ЖАНДАРБЕКОВА, Алматы
Шабдалы – бадам ағашы тұқымдас, жылы аймақтарда өсетін жеміс. Құрамында темір, кальций, натрий, тиамин, фтор, фолацин, ниацин, фосфор, марганец, мыс, мырыш, селен және магний бар. Сондай-ақ С, В, Е, К, РР, каротин дәрумендеріне де бай. Адам ағзасы үшін қажетті пектин мен эфир майы, сүйегінде ащы бадам майы мен амигдалин де осы шабдалының бойынан табылады.
Шабдалының ас қорытуда және ішек қызметінің жақсаруына пайдасы мол. Құрамында калий көп болғандықтан, аритмия және басқа да жүрекқан тамырлары ауруларына және анемияға шипасы мол. Адам бойында тері астында ылғалды ұстап тұратындықтан, әжімді жазып, терінің жасаруына және теріні ағартуға шабдалының әсері көп. Сондықтан шабдалыны бар кезінде көбірек жеген дұрыс.
Шабдалының құрамында қандай дәрумендер бар?
Последние статьи автора