СААРК – ең үлкен аймақтық ұйым
Халықаралық қатынастарда аймақтық ұйымдардың рөлі ерекше. Дүниежүзіндегі аймақтық ұйымдардың ішінде ең үлкені қай ұйым?
Болат САҒЫМБЕК, Астана
Ғаламдық үрдістерді реттеуде үлкен рөлге ие бірнеше аймақтық ұйым бар. Десе де, статистикалық мәліметтерге сенсек, аймақтық ұйымдардың ішіндегі ең үлкені – Оңтүстік-Азиялық аймақтық ынтымақтастық ассоциациясы екен. Бұл ұйымды халықаралық саясатта СААРК деп те атайды. Ұйымның атауында тұрғандай, бұған оңтүстік Азияның сегіз елі мүше. (Бангладеш, Бутан, Мальдив, Непал, Пәкістан, Үндістан және Шри-Ланка). 2007 жылы өткен СААРК-тің 14-саммитінде Ауғанстан қатарға қабылданған. 1985 жылы құрылған құрылымның басты мақсаты – сегіз елдің арасындағы экономикалық-саяси ынтымақтастықты дамыту. Аймақтық ұйымдардың көш басында тұрған себебі – осы ұйымның территориясында 1,5 млрд халық тұрады. Ұйымның штаб-пәтері Непал астанасы Катмандуда орналасқан.