Жуырда Ресейдің бір қаласына қыдырып баруымыз мүмкін. Біреулер «Ресейге бару үшін жеке куәлік жарамайды, төлқұжат керек» дейді. Шынымен, солай ма?
Дина Тәуіпқызы, Семей қаласы
ҚР Ішкі істер министрлігі мамандарының түсіндіруінше, Қазақстан, Беларусь, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан арасындағы визасыз өзара сапарлар туралы келісімге сәйкес, жеке куәлік Қазақстан Республикасы азаматтарының аталған елдерге кіру-шығу құжаттары тізіміне енеді. Сол себепті сіз Ресейдің аумағына ҚР азаматы екеніңізді білдіретін жеке куәлікпен бара аласыз.
Ресейге бару үшін төлқұжаттың болуы міндетті ме?
Последние статьи автора