Ресей Тәуелсіздік күнін қалай атап өтеді?

Көрші Ресейде Тәуелсіздік күнін елдің егемендігі туралы дек­ла­рацияның қабылданған күні және елдің тұңғыш Президентінің сайланған күні, сонымен бірге Мәскеу қаласының туған күні дейді. Тәуелсіздік күнін осы даталарға әдейі орайластырған ба?
Самал ӘШІМХАН,
Астана қаласы
Ресей Федерациясында Тәуел­сіздік күні маусымның 12-сін­­де тойланады. Бірақ «Тәуел­сіздік күні» деген – халық берген атау. Ресми түрде мереке «Ресей күні» деп аталады. 1990 жылы бұл күні Ресей Кеңестік Федеративтік Социалистік Рес­публикасының Егемендік туралы декларациясы қабылданған. Ресей Федерация­сының тұңғыш Президенті Борис Ельцин 1992 жылы бұл мейрамды «Ресей күні» деп атауды ұсынды. 1991 жылы тұңғыш Президент сай­лауы да осы күні өткен. 90-жыл­дары бұл мерекені көпшілік құптамаған, олардың пікірінше, бұл КСРО-ның құлауын тездеткен оқиғамен байла­нысты және мұндай пікір ел арасында әлі де бар екен. 12 маусым  Мәскеу қаласы күні емес, Ресей астанасының туған күні қыркүйектің алғашқы сенбісінде тойланады. Дегенмен маусымның 12-сі күні Ресейдің Бутурлиновка, Новгород, Воскресенск, Ижевск, Камень-на-Оби, Кемеров, Киров, Комсомольск-на-Амуре, Котлас, Крас­ноярск, Лесной, Минусинск, Пенза, Пермь, Саранск, Снежинск, Сокол, Сургут, Сыктывкар, Тамбов, Ульяновск, Уфа, Ханты-Мансийск және Лихославль қалалары қала күнін атап өтеді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста