Қызметкерлер де топқа бөлінеді
Осы «ақ жағалылар», «офистік планктон» деп жатады. Олар кімдер сонда?
Дулат Тойшыбеков, оқушы
«Ақ жағалылар» – басқарма, фирма қызметшілері, шенеуніктері, қызметкерлері, кәсіпорындардың, ұйымдардың, фирмалардың «бейөндірістік қызметкерлері» деп аталатындардың құрамына кіретін инженер-техник қызметкерлері, ой еңбегі қызметкерлері. Индустриялық жағынан дамыған елдерде «ақ жағалылар» саны жағынан өндірістік жұмысшылардан («көк жағалылар») асып түсетін қызметкерлердің негізгі бұқарасын құрайды.
«Офистік планктон» деген сөз тіркесі баспасөзде 2000 жылы пайдаланыла бастады. Әдетте төменгі тізбектегі кеңсе қызметкерлерін осылай атайды. Оларды офис-менеджер, PR-менеджер, сауда менеджері деп те атайды. Тағы бір белгісі – «офистік планктон» өнім шығармайды, кәсіби өндіріске қатыспайды.