Қызметкер өз еркімен жұмыстан босағанда қай бапқа сүйену керек?

Қызметкер өз еркімен жұмыстан босағанда қай бапқа сүйену керек?

Қызметкер өз еркімен жұмыстан босаған жағдайда, жұмыс беруші еңбек кодексінің 57-бабына сүйеніп бұйрық шығару керек пе?
Шынар Артықова,
Оңтүстік Қазақстан облысы
ҚР Еңбек кодексінің 62-бабына сәй­кес, жұмыс беруші жеке тұлға қайтыс бол­ған (сот қайтыс болды деп ха­бар­ла­ған немесе хабарсыз кетті деп таныған) жағдайда, еңбек шартының тоқтатылуын және үй қызметкерлерімен еңбек шар­ты­ның тоқтатылуын қоспағанда, еңбек шар­тының тоқтатылуы жұмыс берушінің актісімен ресімделеді.
Жұмыс берушінің актісінде осы ко­декс­ке сәйкес еңбек шартын тоқтатудың негізі көрсетілуге тиіс.
Еңбек шартын тоқтатудың негіздері кодекстің 51-бабында көзделгенін на­за­­ры­ңызға саламыз. Осы бапқа сәй­кес олар­ға төмендегідей негіздер жатады:
1) тараптардың келісімі бойынша ең­бек шартын бұзу;
2) еңбек шарты мерзімінің аяқ­та­луы;
3) жұмыс берушінің бастамасы бойын­­ша еңбек шартын бұзу;
4) қызметкердің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу;
5) тараптардың еркінен тыс мән-жай­лар;
6) қызметкердің еңбек қатынастарын жал­ғастырудан бас тартуы.
Осыған орай, қызметкердің жұ­мыс­тан өз еркімен кетуін рәсімдеу кезінде (бұй­рық­та, еңбек кітапшасында) негіз ретін­де ко­дек­стің 51-бабының 4-тар­мақ­шасы көр­се­ті­леді.
Кодекстің 57-бабында еңбек шартын қызметкердің бастамасы бойынша бұзудың тәртібі белгіленген.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста