ҚЫЗДАР ҰНАТПАЙТЫН СЫЙЛЫҚ ...

 8-ші наурыз қыздар қауымы үшін көптен күткен мереке. Ал жігіттер үшін наурыз айы келді дегенше, сыйлық пен гүл айы басталды дей беріңіз. Ақ жаулықты әжесіне, аяулы анасына, әпкесіне, қарындасына, сүйген қызына сыйлық таңдау, оны тарту ету, ол сыйлықтың көңілінен шығып, шықпай қалуын ойлап біраз әбігерге түсері анық. Сондықтан біздің кеңеске құлақ түріңіз көмегі тиіп қалуы әбден мүмкін.

Ең алдымен сыйлық аларда мағыналы, белгілі бір жақсы ниетті жеткізе алатындай сыйлық алған жөн. Әр сыйланған сыйлық шын жүректен болса, сыйлық алушыға жарқын көңіл-күй, қуаныш сыйлары анық.

Қыз-келіншектерге сыйланатын ең сәтсіз сыйлық –үй жануарлары. Әйел адамдардың жартысына жуығы бұл сыйлық түрін ұнатпайды. Мұндай сыйлықты ескертусіз сыйламағаныңыз жөн. Себебі ол адамның үй жануарларына аллергиясы бар болуы мүмкін немесе бала кезден қалып қалған қорқыныш сезімі болуы ғажап емес. Сондықтан міндетті түрде алдын-ала ескертіп ақылдасып алыңыз.

Екінші орында спорттық құрал жабдықтар. Сыйлық алатын адам спортпен шұғылданатын болса жөн, егер ол толықтау келген немесе спортқа аса көңіл бөлмейтін жан болса, бұл ойыңызды қате түсініп қалуы әбден мүмкін.

Үшінші орында жұмсақ ойыншықтар. Жүрек құшақтаған қонжықты көрген әйел адам өзін кішкене мектеп оқушысы деп ойлаған ба деген шешімге келуі мүмкін. Ал, жас қыздар үшін бұл таптырмайтын сыйлық.

Төртінші орында сағат. Сағат сыйлау уақытша кездесудің, айырылысудың белгісі немесе ол адамға деген сыйластықтың құрметтің барлығы уақытпен санаулы екенін аңғартуы мүмкін

Бесінші орында ас үй құралдары. Әйел адамның орны тек ас үй екен деп түсіндіріп тұр деген ойға әкелуі мүмкін. Егер сыйлық алушы өзі айтып, көптен бері армандап алғысы келіп жүрген заты болмаса бұл сыйлық түрі әйел адамға ұнамай қалуы әбден мүмкін.

Қандай сыйлық сыйласаңыз да, сыйламас бұрын сол адамның мінезі мен талғамын біліп алып барып сыйлаңыз. Біреуге ұнаған сыйлық енді біреуге мүлде ұнамауы мүмкін. Сыйлық алатын кезде басты ескеретін нәрсе- адамның мінезі, талғамы, өмір сүру салты, мамандығы.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста