Қыздар қандай жігіттен айырылып қалмауы керек?

Өмірлік жарыңды таңдап, некеге отыру әйел үшін қуанышты және өте жауапты дүние. «Иә» деп жауап айтпас бұрын, оның сізді қаншалықты бақытты ете алатынын сынап көріңіз.

Себебі ертең өкініп қалмас үшін сүйіктіңізді жіті біліп алғаныңыздың айыбы жоқ. Ал бойында төмендегідей белгілері болса, оның кетуіне жол бермеңіз! Қандай жігіттен жақсы отағасы шығатынын психологтардың пікірімен айтып берейік.

Ол сізбен кез келген тақырыпта сөйлесе алады.

Егер ол салмақты әңгімелер айтылғанда сізбен сөйлесе алмаса бойыңызды аулаққа сала беріңіз. Сіздер бір-біріңізбен жиі сөйлеспесеңіздер, жиі түсініспей қала беретін болсаңыздар араны үзген дұрыс екен. Әрине жалғыз қалған ешкімге ұнамайды ғой. Сол үшін алдымен жағдайды түзеуге тырысып көріңіз.Бірақ нәтиже болмаса тезірек онымен байланысты үзіңіз.

Қиын сәттерде үнемі қасыңызда болады!

Қиын сәттен туындай қалған кезде жоғалып кетсе немесе «бір-бірімізден демалып көрейік» дейтін болса, ол әлі отбасын құруға дайын емес. Сондай сәттерде оның қылықтары ұнамаса ашық сөйлесіңіз. Адамның қиындық түскен кездегі әрекеті көп нәрседен хабар береді.

Өмірге деген көзқарастарыңыз бірдей. Мысалы: отбасы, қатынас тақырыптарында

Сіздердің тілек-ниеттеріңіз бірдей болып шықса, керемет! Ал бір шешімге келу үшін сөзге келіп қала беретін болсаңыздар жақсы белгі емес. Егер ол жігіт қазірдің өзінде сізбен бірге жағдайды талқылауға, шешім шығаруға тырыспаса, әрі қарай не болатынын ойлай беріңіз. Әрине ол жігітті сүйіп тұрған кезде бұл дүниелер туралы ойлану қиын болады. Бірақ болашақта өмір бойы өмір сүруге дайынмын ба дегенге ойланып шешім шығарыңыз.

Ол барлық әйелдермен жақсы қарым—қатынас орната алады.

Оның басқа әйедермен қалай сөйлесетініне назар аударыңыз. Әсіресе анасы мен қарындастарына деген қатынасы қандай екенін біліңіз. Жігіттің нәзік жандыларға деген мейірімі мен құрметі қандай екенін анықтаңыз. Себебі ол сізбен де дәл солай сөйлесетін болады.

Ол қаржылық жағдайды өз мойнына алады.

Ақшаның жетіспеушілігінен қаншама отбасы қирап кетті. Сондықтан осы бір мәселеге жіті мән берген дұрыс. Оның сіз бен балаларын қамтамасыз етуге қауқары бар ма, әлде сіз де жұмыс істейсіз бе дегенді алдын-ала шешіп алыңыз.

Ол уәдесінде тұрады!

Ол «мен келемін» деп, жоғалып кете ме? «Мен бәрін істеймін. Сен уайымдама!» деген сияқты уәденің бәрі бос сөз болып шыға ма? Ендеше оны кандидаттар арасынан сызып тастаңыз. Жігіттің сөзі мен ісі сәйкес келуі керек!

Ол психологиялық тұрғыда мықты.

Бұл да маңызды дүниелердің бірі. Адам өзін дамытып, одан да жақсы болуы үшін күресіп жүрсе құба-құп. Өз қателіктерін ұғып, оны түзейтін жігіттен айырылып қалмауға тырысыңыз.

Ол сізді сүйетінін жиі айтады және оны дәлелдеп жүреді.

Ал дәл қазір бұлай істемесе, ең маңызды үш сөзді қайталамаса үйленген соң не болатынын болжай беріңіз… 

ikerim.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста