Қыздар футболы қашан пайда болған?

Мен футболға өте қатты қызығамын. Сіздерден сұрайын дегенім, елімізде қыздар футболы қашан пайда болды?
Майра МАРАТҚЫЗЫ,
Тараз қаласы
Майра, сіздің сұрағыңызға Қазақстан фут­бол федерациясы Қыздар футболы депар­та­ментінің директоры Владимир Бада­гов жауап береді:
– Қазақстанда қыздар футболы 1987 жылы пайда болған. Сол жылдан бастап елімізде қыздар футболынан әртүрлі ірілі-ұсақты турнирлер ұйымдастырыла бастады. Ал 1991 жылы Алматыда алғаш рет халықаралық жолдастық кездесу өтіп, онда «Мерей» мен «Милан» футбол клубтары кездескен болатын. 1995 жылы алғаш рет Қыздар футболынан Орта Азия чемпионаты өтіп, барлығы бес команда қатысқан бұл біріншілікте алматылық «Динамо» чемпион атанды. 2000 жылы ҚФФ-ның жанынан Қыздар футболының департаменті ашылды. Міне, содан бері елімізде қыздар арасында ел біріншілігі өткізіліп, ел кубогы сарапқа салына бастады. Бір көңіл аударарлығы, осы додалардың бәрінде алматылық «Алма-ҚТЖ» клубы ешкімге дес бермей жүр. Әрі дәл осы клуб 2003 жылдан бері халықаралық турнирлерге үзбей қатысып келеді.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста