Елдің басына небір нәубет пен саяси зұлмат төнгенде халық амандық іздеп, бас сауғалап кетті ғой. Қытайдағы Іле-Қазақ ауданы сол кезеңде құрылды. Бүгінде бұл жерде қанша қазақ тұрады?
Нұрболат МЕДЕТҰЛЫ, Шымкент қаласы
Іле аңғарының бойы ертеден қазақтардың қонысы болғаны белгілі. Бірақ Цин империясы тұсында бұл аймақ Қытайға қарады. Бұл жерде қалған ат төбеліндей қазаққа 1916 жылы орыс патшасының озбыр саясатынан, окоп қазуға мәжбүрлеу жұмыстарынан қашқан жүз мыңдаған қазақ барып қосылды. Ұжымдастыру мен бай-кулактарды тәркілеу кезінде Іле аңғарына тағы біршама қазақ ауылы қоныс аударған. 1930 жылдары жүз мыңдаған қазақтың ендігі бір толқыны, сондай-ақ ұйғыр, татар, өзбек және басқа халықтар да осы жаққа қарай ауды. Олар «халық жауы» деген айып тағылғандар, дін ұстанғандар мен ашаршылықтан азған топ болатын. 1954 жылы қазақ халқының өңірдегі үлес салмағының артуына байланысты Қытай Халық Республикасында Іле-Қазақ автономиялық округі құрылды. Бүгінде бұл өлкеде 3 900 000-ға жуық халық тұрып жатыр, олардың 25,4 пайызы – қазақтар. Жалпы, Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданында 1 300 000-ға жуық қандасымыз өмір сүруде.
Қытайдағы Қазақ автономиясы қалай құрылды?
Последние статьи автора