Қытай коммунистік партиясы – адам саны бойынша ең үлкен партия
Әлемдегі саяси партиялардың ішінде мүшелерінің саны жөнінен ең үлкен партия қайсы?
Бағдат, Талғар
Дүниежүзі бойынша мүшелерінің саны жағынан ең үлкен партия ретінде Қытай коммунистік партиясы саналады. Коммунистік партбилетке ие қытайлықтардың саны 70 миллионнан асып, бүкіл Жұңғо жұртының 5,5 пайызына жетті. 1921 жылы 1 шілдеде құрылған Қытай коммунистік партиясының алғашқы съезіне 12 делегат қатысқан болса, партия мүшесінің саны 1945 жылы 1,21 млн адамнан асты. Гоминьданьды жеңгеннен кейін ҚКП қатары 1958 жылы – 10 млн адаммен, 2000 жылы 60 млн адаммен толықты. 2002 жылы партия өз қатарына бизнесмендердің кіруіне рұқсат берді. Қытай коммунистік партиясы өз ішінен неомаошылар (пекиндік комсомолшылар) және шанхайлықтар деген топтарға бөлінген.