Қолдың сырты жиі қышитын болса, оның қышыма ауруы болғаны ма? Қалай білуге болады? Ауру неден жұғуы мүмкін? Қалай сақтанған жөн?
Нұрсұлтан Имашев, Ақтөбе облысы
Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандарының мәліметінше, қышыма – терінің қотыр кенесінен тарайтын жұқпалы ауруы. Қотыр кенесі адамның терісіне түскеннен кейін қышыма ауруы белгісі үш күннен жарты айға дейінгі аралықта пайда болуы мүмкін. Жұқпалы ауру, негізінен, денесінде қотыры бар адамнан жұғады. Көбіне балалар бір-біріне ойыншықтар арқылы жұқтырып жатады. Сонымен бірге бұл ауру адамға монша, қонақүй мен жолаушылар пойыздарынан жабысуы мүмкін. Аурудың алғашқы белгісі байқалысымен-ақ дәрігерге көрінген жөн. Өйткені терінің қышуы уақытша құбылыс болуы мүмкін деп немқұрайды қараудың салдарынан ауру асқынуы ықтимал. Өзін-өзі емдеумен айналысуға болмайды! Қышыманың алдын алу үшін әркез жеке бас гигиенасы талаптарын қатаң сақтаған жөн: сырттан келгенде қолды сабындап жуу қажет, бассейн, сауна, монша сияқты орындарда өзгенің сүлгісін, жуыну құралдарын және киім-кешегін пайдаланбаңыз.
Қышыма неден жұғады?
Последние статьи автора