Қазір әркімнің уйінде қысқа толқынды пештер бар. Негізінен, адамдар қысқа толқынды пешті тамақты жылдам қыздыру үшін пайдаланады, кейде тіпті тамақ та дайындайды. Назарларыңызға толқынды пештің көпшілік біле бермейтін басқа да қызметі туралы ақпаратты ұсынып отырмыз. Қысқа толқынды пешке қатысты 7 құнды кеңес қажетіңізге жарасын.
1.Қысқа толқынды пеш арқылы кешью жане бадам жаңғактарын қуыруға болады.
2.Бал тым баттасып немесе қоюланып қатып қалса,қысқа толқынды пешке қақпақсыз банкке екі минут шамасында қыздырып, сұйытып алуға болады . Бал қайтадан өзінің ғажайып дәмін сақтап созылмалы сұйық балға айналады.
3.Шөптерді қағаз майлыққа орап, 2-4 минут шамасында кептіріп алуға болады.
4.Қатып қалған нанның тіліктерін дымқыл сулыққа орып 10 секунд ішінде қыздырсаңыз наныңыз жұмсарып шыға келеді.
5. 15 секундқа қысқа толқынды пешке сарымсақты койсаңыз сарымсақтың қауызы
дымқылданып, жылдам тазаланады.
6. Жемістер мен көкөністердің қабығын аршу ушін қысқа толқынды пешке 30 секунд шамасында қыздырып, салқындату керек. Әсіресе шабдалы мен қызынақтың қабығын осылай тазалаған ыңғайлы.
7. Жүгеріні суға қайнатпай қысқа толқынды пеш арқылы пісіруге болады. Ол үшін жугерінің төменгі бөлігін кесіп, сыртқы қабыршығымен микротолқынды пешке 30 секунд шамасында қыздырасыз.