Қыпшақ хандығының жалпы территориясы қаншалықты аумақты алып жатқанын білгім келеді...
Әлмәмбет, Атырау қаласы
Қыпшақ хандығы шамамен ХІ-ХІІІ ғасырларда қазіргі қазақ жерінде дүниеге келді. Қимақ қағандығы ыдырағаннан кейін әскери-саяси билік қыпшақ ақсүйектерінің қолына көшті. Олар ХІ ғасырдың 2-ширегінен бастап, Арал мен «Оғыздар даласының» орнына Дешті Қыпшақ атауы орнықты. ХІ ғасырдың ортасынан бастап қыпшақтар Еділден өтіп, батысқа қарай жылжиды. Кейіннен олар Византия империясы мен Болгария жеріне әлсін-әлсін шабуыл жасап, 1071 – 80 жылдарда Дунай өзеніне келіп жетті. Ал кейбір рулары басқа түркі тайпаларымен бірлесе отырып, Кіші Азияға тарай бастады. ХІ-ХІІ ғасырларда Алтай мен Ертістен бастап Карпат пен Дунайға дейін созылған даланы мекендеген халықтардың бәрі «қыпшақтар» деп аталды.
Қыпшақ хандығының территориясы Карпат пен Дунайға дейін жеткен
Последние статьи автора